KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Тапсырыспен реферат және диплом жұмыстарын жазатындарды жауапқа тарту ұсынылды

19.07.2019, 06:17 98

Қазақстанда тапсырыс арқылы реферат пен диплом жұмысын жазатындарға айыппұл салу туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ Жоғары заң мектебінің директоры Сергей Пеннің айтуынша, республикадағы көптеген ЖОО-да академиялық әділдік пен этика мәселелесі өршіп тұр.

 – Ғылыми жұмыстарды тапсырыс арқылы жазатындар мен жарнамалайтындарды жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Бұл тәртіп әлемнің көптеген елдерінде сақталған. Мысал ретінде, Австралия, Великобритания мемлекеттерін айтуға болады. Елімізде ақылы түрде ғылыми баяндамалар мен дипломдық жұмыстарды жазу кәдімгідей қызмет түріне айналып бара жатыр. Тіпті, жыл өткен сайын қоғамда белең алып барады,  – дейді Сергей Пен.

Жоғары заң мектебінің директоры аталған ұсыныспен Қазақстан білім және ғылым министрінің таныс екендігін және ол қолдау танытқан күннен бастап, білімді табыс көзіне айналдырғандардың әрекеті заңмен қаралатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу