KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Күннің аптабынан келер қауіп қандай? Мамандар кеңесі

18.07.2019, 11:37 240

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары күннің аптабы қандай ауруларға себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ыстықтан қандай адамдар жиірек зардап шегетіні және күн өтуден сақтанудың қарапайым ережелері туралы мамандар кеңесін ұсынамыз.

 «Егер ауа температурасы 38 градустан төмен болса, ағза тері астындағы қан ағынын күшейте отырып, денені қызудан сақтайды. Бірақ ыстық күшейгенде сыртқы температура ішкі температурадан жоғарылайды да, ағза ресурстарды үнемдеуге көшеді. Сөйтіп қан ағынын орталықтандыру механизмі іске қосылады. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін салмақты арттырады»

 

«Қатты ыстықта күн өту, шаршап-шалдығу, ыстық салдарынан тырысу сияқты белгілер пайда болады. Күн өтуден соққы алған жағдайда өмірлік маңызды органдар қайтымсыз зақымданып, кейде тіпті өлімге себеп болуы мүмкін. Аптап барлық адамға, соның ішінде жас және дені сау адамдарға де әсер етуі мүмкін»

 

«Шөл қыспаса да, мүмкіндігінше суды көп ішіңіз. Дені сау адам күніне 2-2,5 литр таза су тұтынады. Алайда салқындатылған су қан тамырларын қысады, осылайша асқорыту нашарлайды. Салдарынан ағза асқорытудан бас тартады, өйткені ол сіздің денеңіздің температурасы мен су температурасын реттеуге тырысады. Бұл ағзаның құрғауына себеп болады»

 

«Көшеде қалпақ киіп жүрген абзал. Дене мен бетке күннен қорғайтын крем жағып, Күннің тікелей әсерінен аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше күн астындағы саяхаттардан бас тартып, кейінге қалдырыңыз. Күн сәулесі сағат 11-ден 16-ға дейін қатты әсер етеді. Осы аралықта күн астында ұзақ болмау ұсынылады. Мақта және зығыр сияқты табиғи талшықтардан тігілген ашық түсті киім киіңіз. Диетаға жеңіл және көкөніс тағамдарын қосып, аз мөлшерден жеңіз. Салқындатуды қажет ететін өнімдердің дұрыс сақталғанына көз жеткізіңіз»

 

«Майлы және ащы тамақ ішпеу керек. Тәтті газды су мен шырындар шөлді жеңуге көмектеспейді. Керісінше, күшейтуі мүмкін. Сондықтан қатты ыстықта қалыпты минералданған, газсыз су ішкен жөн. Баланың денесі ересек адам денесіне қарағанда үш-бес есе жылдам қызатынын ұмытпаңыз. Ешқандай жағдайда баланы автокөлік салонында қалдыруға болмайды. Машинадағы температура бар болғаны 10 минут ішінде 20 градусқа, ал бір сағат аралығында 40 градусқа дейін қызады. Тіпті, терезелерді ашық қалдырсаңыз да, бұл жағдайды жеңілдете алмайды»

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу