KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2,2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Семейде гибридті операция залы ашылды

14.07.2019, 10:55 127

Семейдегі Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы күн өткен сайын соңғы заманауи технологиялармен емделушілердің көңілінен шығып келеді. Бүгін мұнда жаңадан гибридті операция залы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Гибридті операция залы инсультті емдеуде ең жоғары деңгейлі инвазивті көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгін аталмыш залда алғашқы операциясы сәтті өтті. Мидың қатерлі ісігіне жасалған ауыр операция төрт сағатқа созылды. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы Нейрохирургия орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы,​ профессор Серік Ақшолақов жетекшілік етті.

​ - Біз бұрын нейрохирургия саласында операциялар жасасақ, енді кардиоинтервенцияға да ауысып жатырмыз. Дәрігерлеріміздің барлығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен шетелдерден, атап айтқанда, Лондоннан оқып, білімін жетілдіріп келгендер. Гибридті операция залына 2,3 млрд теңге, құрал-жабдықтарына 1,7 млрд теңге бөлінген еді. Мұнда облыстың басқа да аудан-қалаларынан емделушілер келе алады. Біз халықтың денсаулығын жақсарту барысында осындай гибрдті ота жасау залын ашып отырмыз, - деді жаңа залдың ашылуына байланысты өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

​Жедел медициналық жәрдем ауруханасының директоры Ерлан Бүркітовтың айтуынша,​ гибридті операция залы аурухананың қызыл аймақтағы бөлігінде орналасқан. Бұл оның өте күрделі деңгейдегі науқастарға арналған бөлім екенін білдіреді. Енді аймақ тұрғындарына күрделі операция жасату үшін шет ел асудың қажеті жоқ. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив