KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Семейде Гибридті операциялық зал ашылғаннан бері 300-ден астам операция жасалған

18.09.2019, 08:35 186

Облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті сапарын Семейдегі Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасында жалғастырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл республикадағы ең жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған мықты денсаулық мекемесінің бірі.Бұл ауруханаға Семей ғана емес, облыстағы барлық аудандардың халқы келіп, емделе алады.Енді осы ауруханада Гибридті операция жасайтын зал ашылғаннан бері тіпті көрші Ресейден де сырқаттар келіп,емделу мүмкіндігі бар. Яғни мәселен, апатқа ұшыраған кезде
науқасқа басына және дене мүшелеріне бірнеше операцияны бірден сәтті жасауға,сөйтіп адамның өмірін сақтап қалуға болады. Тіпті жүрекке де ашық операция жасалады. Бұл үлкен жетістік.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Гибридті операция жасайтын залды аралап көрді.

-Гибридті операция жасайтын зал еліміздің медицинасын алға шығарып, халық үшін жұмыс жасауы тиіс, -деді Даниал Кенжетайұлы,- Семей халқы үшін жасалып жатқан шаруа. Мамандарды да іске қосу керек. Ол үшін медицина қызметкерлері, дәрігерлер шетелден оқып, білім, біліктілігін жетілдіру қажет.

Гибридті операция жасайтын залда хирургия саласына қажетті дүниенің барлығы қамтылған. Классикалық хирургиядан айырмашылығы өте үлкен. Құрал жабдықтар көп функциялы болып жасалған. Лапараскопиялық шағынинвазивті емдеу тәсілі магнитті резонанстық томографиялық және компьютерлік бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Бейнебақылау арқылы науқастың қал жағдайы операция барысында қадағаланып тұрады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жергілікті денсаулық сақтау басқармасы басшыларымен және қала әкімі Ермак Сәлімовпен бірге аурухананы аралап шығып, осында емделуге келген қарапайым халықтың денсаулығы мен жағдайын сұрады. Медицина саласын арығарай да дамытатындықтарын айтып, Семейдің ядролық полигоннан зардап шеккен тұрғындары үшін денсаулықтарын жақсарту бағытында барлық мүмкіндік жасалатынынан хабардар етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив