KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 2,2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО-ға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары келді

19.04.2019, 03:22 189

Семейге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов лауазымды қонақтарды қаладағы  жедел медициналық жәрдем ауруханасының жұмысымен  таныстырып, жақын арада бұл мекеменің халықаралық JCI стандарты сертификатына қол жеткізетіні туралы айтып өтті.

Сол арқылы бұл аурухана әлемдегі ең үздіктер қатарына өтетін болмақ. Ал мамыр айында ауруханада гибридті операция жасайтын зал ашылады.

-Біз операция жасайтын залды халықаралық стандартқа сай жабдықтап отырмыз,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,-мына жерде арнайы орнатылған ангиограф бар. Бұндай ангиограф Қазақстанда да, Ресейде де жоқ. Гибридті операция өткізілетін залда жылына 3 мың операция жасалмақ. Бұл жоба жүзеге асуы үшін 1,8 млрд теңге бөлінді.

Жақын арада Жедел медициналық жәрдем ауруханасында алғашқы операция жасалмақшы екен. Оны ҚР Нейрохирургия Ұлттық орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов өткізеді деп жоспарлануда.

-Ангиограф жұмысы ерекше, себебі науқас адам құрал-жабдыққа қаралып әуре болмайды, керісінше құрал-жабдық науқасқа көп тиімді,-деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Марат Шоранов,-бұл ангиографты нейрохиругия, гинекология, урология, кардиохирургия, абдоминальды хирургия салаларында пайдалануға болады. Бұл операциялық залда үш операция өткізуге болады.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова денсаулық сақтау саласының 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы жайлы да таныстырып өтті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив