KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Қазақстанда судьяларды тағайындау талаптары қатайтылады

10.07.2019, 10:01 131

Елімізде судьяларды іріктеу механизмі өзгереді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды тағайындау талаптарын күшейту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Мемлекет басшысына Кеңестің 2019 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы мен судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берді.

- Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу бойынша талаптарды қатайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажет екенін айтты, - деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив