KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Семейде латын әліпбиін оқытуға арналған кабинет ашылды

9.07.2019, 03:31 109

 

Семейдің тілдерді оқыту орталығында латын әліпбиін оқытуға арналған кабинет ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Баршаға мәлім, елімізде латын әліпбиіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу жоспарланған еді. 

– 2018-2020 жылдар аралығында біз орфография мен орфоэпияны үйретеміз. 2020-2023 жылдарда нормативтік-құқықтық акт, жеке бас куәлігі және басқа да құжаттарды латын қарпіне көшіреміз. Оқулықтар да латынша басылады. Ал 2023-2025 жылдарда жергілікті және мемлекеттік органдардың іс-қағазы латынша жүргізіле бастайды. Ақпарат құралдары да осы аралықта латынша ақпарат таратады, – деді орталық жетекшісі Зәуреш Исабаева.

Мәдениет және тілдерді дамыту орталығы жаңа кабинетте латын әліпбиін үйретуге арнайы жоспар құрды. Әуелі мұнда құқыққорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлер және басқа да бюджеттік сала қызметкерлері тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив