Өскемен-Семей тас жолында жүк көлігі аударылды (ВИДЕО)
ШҚО-да жүк көлігі аударылды. Жол апатында екі адам жарақат алғаны анықталды. Көлікті көтеру үшін автокран шақыруға тура келген екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияның мәліметі бойынша, жол апаты 3 шілде күні Өскемен-Семей тас жолының 63 шақырымында болды.
Оқиға орнына Ұлан аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, 39 жастағы жүргізуші көлік тізігініне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Көлікте 61 жастағы жолаушы отырған. Екеуі де Павлодар облысының тұрғындары. Олар түрлі жарақат алғаны белгілі болды.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.