KZ
Өскемен
-7°
туман жел 4 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Абайдың 100 өлеңі испан тіліне аударылады

5.07.2019, 04:48 96

Абайдың 100 өлеңі испан тіліне аударылады. Бұл туралы Еуразия астаналарының қаламгерлері бас қосқан форумда айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тішісі.

– Форумға Еуразия кеңістігіндегі астаналарда тұратын, әлемге есімі белгілі әдебиет тұлғаларды шақырдық. Соның ішінде бүкіл Латын Америкасына танымал, испантілді мемлекеттердің барлығы білетін, шығармалары әлемнің 35 тіліне аударылған ақын Хунте Хорхе Падронды ерекше атауға болады. Ол осыдан екі жыл бұрын қазақтың үш ғасырлық әдебиетін испан тіліне аударып, кітап етіп шығарған еді. Келесі жылы ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлағалы отырмыз. Форум аясында Испанияның осы ақынымен Абайдың 100 өлеңін аудару туралы келісімшартқа қол қоямыз, – деді Жазушылар одағының өкілі Дәулеткерей Кәпұлы.

Форумның мақсаты – қазақ әдебиетін әлемге кеңінен насихаттап, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтеру.

– Былтырдан бері елорда күніне орай қаламгерлердің халықаралық форумын өткізіп келеміз. Биылғы форум Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Жазушылар одағының қалалық филиалының мұрындық болуымен өтіп жатыр. Мақсатымыз - өз қазанымызда қайнай бермей, әдебиетке жаңа арна ашу, қазақ әдебиетін әлемге насихаттау, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтеруге атсалысу. Осы форумды жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдырсақ деген ойымыз бар, - деді Ұлықбек Есдәулет форумның ашылу салтанатында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу