KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

7 жастағы Лаура «11th Istanbul rhythmics cup-2019» турнирінің медалін тақты

1.07.2019, 08:34 115

Түркияның Ыстамбул қаласында көркем гимнастикадан «11th Istanbul rhythmics cup-2019» халықаралық турнирі өтті. Төрт күнге созылған бәсекеде жерлестеріміз де бақ сынап, оның бірі жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәлірек айтсақ, жарыстың қола медаліне білікті бапкер Дарья Путинцеваның қол астында жаттығатын спорттың ойын түрлері бойынша облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушісі Лаура Сұлтанғали ие болды. Лаура 2012 жылы туған қыздар арасында өткен көпсайыста сынға түскен-ді.

Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келетін додаға биыл 11 елдің, атап айтсақ, АҚШ, Албания, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Украинаның мықтылары қатысыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив