Өскемендегі сауда кешенінің алдында көлік тұрағы болмайды
Өскемендегі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 8/1 мекенжайы маңындағы тұрғындар базар мен сауда кешенінің алдына көлік тұрағын салуға қарсы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, аталмыш мекенжайдың қарсы алдындағы аллея көлік тұрағына айналады деген сыбыс шыққан-ды. Халық ағаштардың шабылуына наразылық білдірген.
– Біз бұл жерге тұрақ салмаймыз. Құлап кету қаупі бар ағаштар ғана шабылады. Олардың орынына жаңасын отырғызамыз. Барлығын жауапты мекемемен келісіп істейміз, – деп жауап берді аталған жәйтқа қатысты Сергейт есімді сауда кешенінің әкімшісі.
Оқи отырыңыз