KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.2 522.34 4.94

Өскеменде тағы бір бала, биліктегілерге ұрсып тастады (ВИДЕО)

21.06.2019, 08:44 257

Өскеменде тағы бір бала, биліктегілерге өз назын білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Бізге футбол ойнаған қатты ұнайды, бірақ біздің аулада ойнау мүмкін емес. Жолдың бәрі тас, – деген бейнежазба авторы, тастарды қолымен ұстап көрсетіп, тіпті қасындағы жолдасының ойнаймын деп сырып алған білегін көрсетіп, жоғарғы биліктегілерден ең болмағанда, футбол ойнайтын алаң салып беріңіздерші, мекенжайымыз, Добролюбов көшесі 41 және 43, - деп өтініштерін жеткізген.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын дәл осындай бейнежазбамен Досжан Дулатұлы Маяковский көшесі, 20-ға аула салынсыншы деген өтінішін жеткізген болатын. Нәтижесінде, қала әкімі жаңа аула салуға уаде берген еді. Ендеше, Досжанның қатарластарына жақсы аула бұйырсын деп тілейік.

Айтпақшы, балалардың бір тобы жақсы аулаға зар болса, енді бірі қиратудың аз-ақ алдында жүрген көрінеді. Төмендегі бейнежазба Астана көшесінің бойындағы ойын алаңдарының бірінде түсірілген. Зер салып, балаларыңызға ескерту айта жүріңіздер!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу