KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

«Miss Virtual Kazakhstan» сұлулық байқауы басталды

27.08.2019, 04:05 111

«Miss Virtual Kazakhstan» сұлулық байқауының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлемнің он тоғыз мемлекетінде өтетін байқау, әлеуметтік желіде дауыс беру жүйесі арқылы жүргізіледі. Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып жатқан конкурсқа республика көлемінде 1500-ден аса ару өтінім қалдырған екен. Дауыс беру «inDriver» бағдарламасында 8-ші қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Ең көп дауыс жинаған үміткер қараша айында Канкун қаласында өтетін «Miss Virtual World» халықаралық сайысына аттанады.

Осыған дейін аталмыш конкурста екібастұздық Айнұр Атымбаева мен атыраулық Айзада Жолмағанбетова жеңімпаз атанған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив