KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СШ
497.26 525.21 4.97

Өскемендегі "Қазақстан" тауына қарай асфальт жол салынса...

7.06.2019, 04:11 180

Өскемендегі мемлекеттік рәміздер орналасқан тауға қарай асфальт жол салына ма? Халықтың көкейіндегі сұрақ осы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстан тауы – қаланың көрікті жерлерінің бірі. Қай түстан қарасаң да қасқайып көрініп тұрады. Жай жүргіншілерді есептемегенде, мектеп бітірген түлектер мен бас қосқан ғашықтар той қарсаңында осы тауға шығып, қаланың келбетіне қарауға құштар.

– Тауға бастап баратын Высоковольтная көшесіне жуықта қиыршық тас төгілді. Таңнан кешке дейін шаңы аспанға шығып жатады. Бұрынғыдай көлігімізді қақпа алдына қоюдан қалдық. Өткен-кеткен мәшинелердің дөңгелегінен ұшқан тас терезесін шаға ма деп қорқамыз, – деді Экологиялық қауіпсіздік орталығында өткен жиында осы көшенің тұрғыны Жанна Әміржанова.

Аталмыш орталықтың мәліметінше, тұрғындар қол жинап, қала әкімдігіне хат дайындап жатыр.

– Әлбетте асфальт құю үшін қаражат қажет. Десе де, экологтар да осы мәселені ұзатпай шешу керектігін айтады, – деді орталықтың баспасөз қызметкері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу