KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

ШҚО-да 49 жастағы әйел адам жоғалып кетті

9.07.2019, 03:42 216

Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында 49 жастағы әйел адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рауия Гайфутдинова 8 шілде күні үйінен таңғы уақытта шығып, белгісіз бағытта кеткен. Қайда баратынын ешкімге ескертпеген. Таныстары мен достарының үйіне бармағаны белгілі болып отыр.

Ерекше белгілері: бойы 155-160 см, шашы қысқа, қара түсті, көзі ашық көк түсті, бетінде секпілдері бар. Үстіне киген киімі: түрлі-түсті халат, басында ақ панама, одан бөлек көк түсті жұмыс киімі болуы мүмкін.

Рауия Гайфутдинова туралы қандай ақпараттарыңыз болса келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізді сұраймыз:: 8-747-349-57-17 немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив