Шығыста 700 сарбаз әскери ант қабылдады
25 мамырда "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жас буындар салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ант қабылдау рәсімінде еліміздің барлық аймағынан шақырылған 700-ге жуық жас жауынгер сапқа тұрғызылды.
Бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас сарбаздың курсынан өтті, оның барысында әскери істің қыр-сырын меңгеріп, жалпы әскери жарғыларды зерттеді, саптық дайындық тәсілдерін пысықтады, атыс дайындықтарын өтті, Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен танысты.
Әскери ант - бұл Мемлекет басшысы бекіткен, әрбір азаматтың өз Отанын қорғауға жеке жауапкершілігін бекітетін құқықтық құжат. Ант қабылдау рәсіміне жас әскери қызметшілер ерекше мұқият дайындалды, өйткені бұл күні оларды тек командирлер мен аға жауынгерлік жолдастар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұлдарына келген ата-аналар да байқауға алды.
Құрлық әскерлерінің "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сарбаздардың ата-аналары мен туысқандары үшін ант қабылдау аяқталғаннан кейін ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл жас жауынгерлер қызмет ететін жағдайлармен танысу мақсатында және ата-аналар әрдайым өз ұлдарының өмірі мен қызметтерінен хабардар болуы үшін өткізілді.