Зеленский өз портретін кабинеттерге ілмеуді сұрады
Украинаның жаңа Президенті өзінің портретін төрлерге ілмеуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.
– Жұмыс бөлмелерінде менің суретім тұрмағаны жөн. Президент – адам табынатындай құдай немесе икон емес екенін түсініңіздер. Оданда сол қабырғаға өз балаларыңыздың суретін қойсаңыздар дұрыс болады. Сонда әрбір шешімді қабылдайтын кезде жақындарыңыздың көзіне бір қарап қоясыздар, – деп, шенеуніктерге тапсырма берді Владимир Зеленский.
Жаңа Президент болашақта украин халқы қандай болуы керектігін де айтты.
– Біз футболға келгенде исландиялықтардай, жер қорғауға келгенде израильдіктердей, технологияға келгенде жапондардай мықты болуымыз керек. Және қандай жағдайда да швейцариялықтардай күліп жүруіміз қажет, – деді Владимир Зеленский.
Бұл – Украина Президентін салтанатты сайлау рәсімі. Онда еліміздің делегациясын Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастап барғанын айта кеткен жөн.