KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Өскемендегі саябақтың әжетханасы түкке жарамсыз

17.05.2019, 10:37 275

Өскемен халқы «Самал» саябағының тазалығы сын көтермейтінін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жуықта саябаққа тағы да бірнеше демалыс алаңдары салынатыны айтылуда. Десе де қазіргі алаңдардың аралығында босаған қалбыр мен қағаз-сұғаз жайрап жатыр. Әжетханалардың жағдайы тіпті нашар.

– Саябақ бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Десе де, мұнда қоқыстың толып кеткені жан жабырқатады. Жағалауға кәуәп пісіріп, көңіл көтергендердің көбі артынан отырған орындарын жинап кетпейді. Ал анау әжетхана әжетке жарамай тұр, ішіне кіру мүмкін емес, – дейді баласымен жағалауға серуендеуге келген Марина есімді қала тұрғыны.

Иә, демалушылардың саябаққа бей-жай қарайтыны өкінішті-ақ. Сондай-ақ коммуналдық мекеменің де бұл жерді қоқыстан аршуға асықпағаны несі екен?

– Саябақты сәндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер бәріне бірдей үлгере алатын емес. Бірақ осы ай біткенше тазартып қоямыз, – дейді Өскемен-тәртіп коммуналдық шаруашылықты жүргізуші мекемесінің баспасөз қызметкері Владимир Землянский.

Айта кетейік, маңайын ыбырсытып, қоқыс шашқан адам көрсеңіз, 53-25-77 сенім телефонын қоңыраулатып, шағым түсіре аласыз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу