Өскеменде бұршақ жауды
Облыс орталығында кенет бұршақ жауып кетті. Алдағы күндері қарлы жаңбыр жауады деген болжам жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Қазгидромет" РМК кеше бүгінгі күнге ауа райы болжамын жасап, күн күркірейді және қатты жел тұрады деп ескерткен болатын.
Алдағы үш күнде ауа райы әлі де жылынбайтын көрінеді. Синоптиктердің болжауынша, шығыс аймақта қарлы жаңбыр жауып, түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді екен.
Оқи отырыңыз