Синоптиктер қар жауады деп болжауда
Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мұндай ауа райы болжамын синоптиктер жасап отыр.
Республиканың көп көп бөлігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді екен. Солтүстік аймақтарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Бұл кездері ауа температурасы күрт төмендеп, түнгі уақыттарда -5 градусты көрсетеді.
Ал оңтүстікте күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр жауады деп болжануда.
Оқи отырыңыз