KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімі: көпбалалы отбасыларға несие беру керек

25.05.2022, 10:32 107

Облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы отбасыларға несие беру керектігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы көпбалалы аналар комиссиясымен кеңес өткізіп, Үржар, Күршім және Тарбағатай аудандары әкімдерінің есептерін тыңдаған еді.

– Бұл аудандарда көп балалы отбасыларды қолдау бағдарламасы өте жақсы жүзеге асырылуда, биыл біз ауылдық жерлерге көбірек көңіл бөлеміз. Отбасылар қосалқы шаруашылықпен айналысып, бизнесін дамыту үшін үй салып қана қоймай, несие беру керек. Мұндай жобалар АӘК алушылар санын 18 мыңнан жеті мың отбасына дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Түрлі бағдарламалардың арқасында көп балалы және аз қамтылған аналар үшін жұмыс орындары құрылып, олар бизнес ашты. Жалпы, көп балалы аналар комиссиясы өте жақсы жұмыс істейді және барлық жобаларға белсенді қатысады, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу