Облыс әкімі көпбалалы аналар комиссиясымен кеңес өткізді
Облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы аналар комиссиясымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ең алдымен 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау туралы сөз қозғалды.
– Бірінші компонентпен балалардың жүз пайызы, екіншісімен 99 пайызы егілді. Маусым айының соңына дейін вакцинация аяқталады, – деді әкім.
Ал жазғы демалысқа келетін болсақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 44 мың бала қамтылған.
– Жазғы демалыста барлығы 35 қала сыртындағы және 475 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейтін болады. Және 500-ге жуық алаң, тілдік мектептер,it-бағыттар және т. б. Сонымен қатар, біздің өңір жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыруға елдегі ең үлкен қаржыландыруды бөліп отыр, – деді аймақ басшысы.