KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 5 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Шемонаиха ауданында балалар алаңын орнату жұмыстары жалғасуда

30.09.2022, 12:18 418

Шемонаиха ауданында жыл басынан бері 3 ауылда балалар алаңы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 2 ауылда аяқталмақ,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов айтты.

-        Рассыпное, Березовка және Большая Речка ауылдарында балалар алаңы орнатылды. Енді жыл соңына дейін Медведка,Камышинка ауылдарында орнатады деп жоспарлап отырмыз, - деп атап аудан әкімі.

Сондай-ақ «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Волчанка ауылындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстары мен көше жарығын орнату бойынша жұмыстар аяқталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу