Алтай қаласындағы 2 көшеге аялдама орнатылды
Алтай ауданында 40 миллион теңге көлемінде балалар алаңдары орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ернар Мұстафин айтып берді.
- Аудандық бюджет қаражаты есебінен Серебрянск қаласында, Соловьево, Тұрғысын, Чапаево ауылдарында, Зубовск, Жаңа Бұқтырма кенттерінде, Феклистовка ауылында 40 миллион теңге сомаға балалар алаңдары орнатылды, - деді ол.
Сондай-ақ Алтай қаласындағы 3 көшеге, атап айтқанда Солнечная, Фрунзе, Стахановская көшелеріндегі тротуарларға жөндеу жүргізіліп, Ломоносов, Фрунзе көшелерінде аялдама павильондары орнатылған.
- Тұрғын үй мәселесіне келетін болсақ, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 13 үй сатып алынды, жыл соңына дейін тағы 3 үй сатып алу жоспарда бар. Олар көп балалы отбасылар мен ауданымыздың бюджет саласының қызметкерлеріне беріледі, - дейді аудан басшысы.