ШҚО-да көп балалы отбасыларға үй салу жалғасады
Облыс әкімі бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Талқыланған мәселенің бірі – көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын жалғастыру.
– Құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Зайсан ауданында - 20, Күршім ауданында -14, Катонқарағай ауданында - 5 үй салынатыны анықталды. Мен әкімдерге үйдің қашан және нақты қандай отбасылар үшін салынатыны туралы жоспар құруды тапсырдым, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі ауылдарда пайдаланылмай түрған үйлерді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа беруге де болатынын атап өтті.