Аптаның аяғында ауа райы қалай болады?
Синоптиктердің мәлімдеуінше, 19 сәуірде күн жауын-шашынды және желді болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандар сөзіне сенсек, еліміздегі өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, көктайғақ болады. Мәселен:
– Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады, тұман түседі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.
Сондай-ақ Шығыс өңірінде күн жауын-шашынды болады деген болжам бар. Күндіз +5, +7 градус жылы, түнде сынап бағанасы -3 граудсты көрсетеді.
Оқи отырыңыз