Шүлбіден жүзіп өтпек болған жігіттің мәйіті табылды
Шүлбінің арғы бетіне жүзіп өтпекші болған жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым күні Шүлбінің арғы бетіне жүзіп өтпек болған Олег Саньков туралы жазған едік. Екі аптаға жуық іздеуде болған 28 жастағы жігіттің денесі Шүлбі өзенінен табылды. Жақындары Сергейді бірден таныған.
Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жігіттің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Жігіт өзеннің ағысын ескермеген сыңайлы.
Оқи отырыңыз