KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды

13.04.2019, 05:40 114

ШҚО Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

44 жастағы Алмас Аманқолұлы ұзақ уақыт аурумен күрескені белгілі болып отыр.

Алмас Оңдақанов еңбек жолын 1995 жылы Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор қызметінен бастаған.

Кейін ШҚО сыртқы экономикалық байланыс басқармасы хаттама бөлімінің басшысы, Курчатов әкімі аппаратының басшысы, ШҚО энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2017 жылдың наурызы айында Курчатов әкімінің қызметіне  тағайындалған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив