KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Жемқорлардың тізімі жыл соңында ашық жарияланатын болды

11.04.2019, 11:45 113

 

2019 жылдың соңына қарай Қазақстандағы жемқорлардың тізімін ашық жариялайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.

-Бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Қазір мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Бірқатар мемлекеттік органдар мұндай реестр құруға күмәнмен қарап отыр. Нақты мерзімін айта алмаймын, дегенмен жылдың соңына дейін бұл мәселені оң шешіммен аяқтаймыз деп ойлаймын, - деді Данияр Сабырбаев.

Айта кетсек, реестрде жемқорлық фактісіне қатысы бар тұлғалардың аты-жөні мен тегі, қандай бап бойынша жауапқа тартылды және қылмыстық істің қысқаша фабуласы көрсетіледі екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу