Риддерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өтті
7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Риддерде жастар арасында "Jast do it" акциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бағдарламада Нұрсұлтан Аралбаев пен Кирилл Чикуновтың жетекшілігімен crossfit жаттығулары ұйымдастырылды. Одан бөлек диетолог маман Юлия Бирюкова, психолог және Салауатты өмір салты кабинетінің өкілі қатысушыларға кеңес берді.
Сондай-ақ, Коноваловка ауылындағы жартасты полигонда жастар арасында тау туризмінің техникасы бойынша жарыстар өтті. Оның мақсаты – жасөспірімдер арасында туризмнің белсенді түрлерін дәріптеу және дамыту. Жарысты ұйымдастырушы - " Ақ- Кем" жастар қоғамдық бірлестігі.