KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Салтанат Тұрсынбекова: Әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін

9.11.2022, 15:56 661 Мадина Амангелдіқызы

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында ол елдегі басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін  айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 - «Қазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес.  Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі әйелдер саны өте аз.  Құзыреттілік жоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді», - деді үміткер.

 Сондай-ақ спикер партиялық тізімдерге әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызы кіруі керек деген квота туралы да айтты.

- «Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30%-дық  квоталар қарастырылған.Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30%-дық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйел де ер азаматтар істейтін барлық лауазымдарда қызмет етуі керек деп есептеймін. Құзыреттілік тең болуы керек!», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу