Асханалар мен кондитерлік дүкендерде кенеттен тексеру жүргізілетін болды
Қазақстанда асханалар мен кондитерлік дүкендерде кенеттен тексеру жүргізу енгізілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиялық маңызы жоғары нысандарда кенеттен тексеру жүргізу туралы заңға түзетулер енгізбекші. Оның ішіне мектептердегі асханалар, дүкендер, мейрамханалар, кондитерлік дүкендер кіреді.
Бұл туралы Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеп отыр.
Аталмыш түзетулер «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекстің аясында енгізілмек. Бұл заң Мәжіліске 2019 жылдың екінші тоқсанында түседі.
Эпидемиялық маңызы жоғары нысандардың толық тізімі мына сілтемеде көрсетілген.
Сондай-ақ, Премьер-министр 2018 жылдың 5 қазанынан бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 425 бабында халықтың сантиарлық-эпидемиологиялық саулығы мен гигиеналық нормативтер жағынан орын алған заң бұзушылық фактілері бойынша қабылданатын шаралардың қатайтылғанын ескертті.