KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменде тары қымбаттады

15.03.2019, 06:26 139

 

Облыс орталығының тұрғындары сұранысқа ие тары жармасының бағасы айтарлықтай қымбаттап кеткенін айтуда. Бұрын келісі 120-130 теңге болған тары қазір 300-320 теңгеден саудаланып жатыр екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Тары бағасының өсуі өткен жылдың қараша айынан басталған көрінеді. 3-4 ай ішінде тарының келісі үш есеге қымбаттаған.

 

Оған себеп, өнімнің аймақта жеткіліксіз өндірілуі мен жеткізушілердегі бағаның өзгеруі болып отыр екен. Басқа жарма өнімдері әзірге қымбаттамаған деседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив