KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде ер адам өмірімен қош айтыспақ болды (видео)

12.03.2019, 10:30 183

 

24 жастағы қала тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болған екен. Оны полиция қызметкері құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Оқиға 9 наурыз күні болды. 102 жедел желісіне көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адам туралы хабар түседі. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында тергеуші Сағыныш Сәбиқанов пен полиция қызметкері Қанат Дәуітханов келеді.

 

Олар пәтерді анықтап, 8 қабатқа көтеріледі. Ер адам терезенің сыртқы жағына шығып алып, секіруге талпынып тұрған. Маңаындағы адамдардың сөзіне құлақ аспай тұрған жігітті тергеуші Сағыныш Сәбиқанов әңгімеге тартып, оның назарын өзіне аудартады. Екеуінің арасындағы бір сағатқа созылған диалог сәтті аяқталып, полиция қызметкері ер адамды райынан қайтарыпты. Оған оқиға орнында бірден медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

 

Қазір ер адамның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив