KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Кинодағыдай. Өскемендік полицей сегізінші қабаттан секірмек болған жігітті тоқтатты

12.03.2019, 03:33 176

Өскеменде полиция қызметкері сегізінші қабаттан секірмек болған жігітті райынан қайтарып, аман алып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 9 наурыз күні болды. Жергілікті тұрғын «102»-ге қоңырау шалып, белгісіз ер азаматтың көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болып тұрғанын хабарлаған.


Аталған мекен-жайға жылдам жеткен тергеуші Сағыныш Сабиқанова мен жедел уәкіл Қанат Дәуітханов пәтерді дереу тауып кірген. Айналадағылардың бірде-бірін тыңдағысы келмеген 24 жастағы жігіт, тек тергеуші Сағынышпен ғана тіл қатысқан. Екеуара бір сағат әңгімеден кейін полицей-ханым тұрғынды райынан қайтара алды.
Бұдан кейін психологиялық және медициналық көмек те келіп жетті.


Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Мына видеоны қараңыз

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив