KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

"7-20-25" бойынша кімдерге ипотека берілмейді?

11.03.2019, 11:17 126

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндер көп. Алайда барлығының бірдей өтініші мақұлдана бермейді. Неліктен? Анығын Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


Өтініші мақұлданбағандар – барлық қарыз алушылардың 4/1 бөлігін құрайды. Мәселен 28 ақпандағы жағдай бойынша, банктер 7 967 өтінімді қарастырып, оның ішінде 5 816-сын мақұлдап, 2 151-інен бас тартқан. Бұл реттегі ең төменгі көрсеткіш – Павлодар облысында, өтінімдердің 40% мақұлданбаған. Одан кейінгі орындарда Жамбыл облысы, (34%), Алматы облысы (33%) және Шымкент (32%).


Ал керісінше, мақұлданбаған өтінімдердің ең аз үлесі Қостанай (18 %) және Ақмола (20 %) өңірлері мен Астана қаласында (22%) байқалады. Төртінші сатыда Шығыс Қазақстан тұр, 22 %.
«Баспана ипотекалық ұйымы» АҚ сыртқы коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Айбар Олжаевтың айтуынша, банктердің несие беруден бас тартуының бірнеше себебі бар:
– Біріншіден, өтінішті қабылдау кезінде Банк, қарыз алушы бағдарламаның шарттарына сай келетін-келмейтіндігін қарайды (тұрғын үйдің және басқа да ипотекалық кредиттердің болмауы, ресми табыстың болуы және т.б.) Бұдан әрі, егер банк өтінімді қабылдаса, шешім екі негізгі факторға байланысты шығарылады: төлем қабілеттілігі және кредиттік тарих. Өтінімді қабылдаудан бас тартудың негізгі себептері — нашар несие тарихы (34 %) және төмен төлем қабілеттілігі (31 %).


Олжаевтің айтуынша банктердің өтініштен бас тарутына негізгі себеп – нашар кредиттік тарих. Алайда бұл жағдайды да түзетуге болады екен.

 

«Қолжетімді құқық» заңгерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Рүстем Қаби мынандай кеңес береді:


– Ірі несие алу үшін, алдын ала бірнеше шағын, ақшалай немесе заттай несие алыңыз. Алыңыз да, бұдан әрі міндеттемелерді мұқият орындаңыз. Сол кезде несие тарихыңыз жақсарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив