ШҚО-да 11 наурыз күні ауа райы қалай болады?
Синоптиктер 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мамандар күннің жылынуына және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты өңірлерде су деңгейі көтерілетінін ескертті.
– Ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп жазылған болжамда.
«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстанда күн алабұлтты, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы, түнде 7-12 градус нөлден төмен.
Оқи отырыңыз