Өскеменде шығыстың желтоқсаншылары туралы кітап шықты
Өскеменде “Шығыстық желтоқсандықтар” кітабы жарыққа шықты.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Шығыстық желтоқсандықтар» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Кітапқа желтоқсан оқиғасына қатысқан 188 шығысқазақстандықтың тағдыры мен ерлік істері енгізілген.
- Бұл оқиғаға қатысқандар тек 90-шы жылдардың бас кезінен ақтала бастады. Бүгінде «ұлтшылдық көрініс» деген саяси бағаның қате тұжырым екені мойындалған. Осы кітапты құрастырған Болат Төлепбергеновке, Гүлбаршын Абылғазиновнаға және редакциялық кеңес құрамына ерекше алғыс айтқым келеді. Біздің парыз - өткенді ұмытпау және ұмыттырмау. Осы ретте Өскемендегі көшелердің біріне Желтоқсан атауы беріліп, боздақтар рухына мүсіндік композиция қойылды. Кітап шығарудағы мақсатымыз да осы, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз