Өскемен: экологтар май зауытына тексеру жүргізеді
Өскемен май зауытына жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізіледі.
Бұған белсенділердің өтініші себеп болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Жол бақылауы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князевт май зауыты орналасқан аумақтағы кәріз ұңғымаларынан сары түсті сұйықтықты байқаған. Бұл сілтілі май болуы мүмкін деп ойлаған ол экоинспектор Бақыт Құмарқановамен бірге барып сұйықтық сынамаларын алған.
– Сынамаға химиялық талдау жүргізілу әлі аяқталған жоқ. Алайда «Өскемен май зауыты» ЖШС-ға қатысты өтініш негізінде жоспардан тыс экологиялық тексеру басталады», - деп мәлімдеді экология департаментінің баспасөз қызметі.
Мамандар талдау мен тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарлайды.