KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Жол мәселесі: Президенттің тапсырмасы бойынша қандай жұмыстар атқарылады?

16.01.2023, 18:55 359 Мадина Амангелдіқызы

2023 жылы құрылыс жұмыстарымен жергілікті желінің 59 жобасы қамтылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мәлімдейді.

Биыл республикалық бюджет есебінен құрылыс жұмыстары 59 жоба бойынша жүргізілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар бойынша жұмыстар жоспарланып отыр.  Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру, Семей қаласындағы автогуж көпірін реконструкциялау, радиалды жолдарды тесуді аяқтау. Сондай-ақ, Батыс өңірі бойынша жобаларда туындап жатқан түйткілдерді шешу.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған барлық ағымдағы шығыстар 2023-2025 жылдарға арналған жалпы трансферттер ретінде жергілікті бюджет шығыстарының базасына аударылатын болады. Онда 444 млрд.теңге мөлшерінде қаражат көзделеді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылмақ. 

Қаржыландырудың бұл тетігі жергілікті атқарушы органдарды жоспарлауды оңтайландыруға, бюджетаралық қатынастардың қысқаруын қамтамасыз етуге және жергілікті атқарушы органдардың дербестігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, жөнделетін жолдардың тізбесін жергілікті атқарушы орган айқындайтын болады.

Жол желісінің тозуын қалпына келтіру басымдыққа ие болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, елді мекендер арасындағы байланысты жақсарту үшін жергілікті желінің автомобиль жолдарын қатты жабынға ауыстыруға да ерекше назар аударылатын болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95% -ға жеткізу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында кемінде 27 мың шақырым жергілікті жолдар бойынша құрылыс пен реконструкциялауды қамтамасыз ету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу