KZ
Өскемен
-3°
снег жел 7 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Әділет министрлігі тағы екі партияны тіркеуді қарастырып жатыр

21.01.2023, 15:11 302 Мадина Амангелдіқызы

8 ақпанға дейін тіркелген партиялар Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыса алады.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні жеті партия тіркелген. Егер 8 ақпанға дейін тағы да қосымша партиялар тіркелсе, олардың құжаттары заңға сәйкес келетін болса, олар да сайлауға қатыса алады», - дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Әділет вице министрі Алма Мұқанованың айтуынша, тағы екі саяси партияға тиісті растама құжаттары берілді.

«Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Ендігі келесі кезең – съезд өткізу. Сондықтан олардың жеделдігіне байланысты, егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады», - деді Әділет вице-министрі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу