KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Сайлау: ЕҚЫҰ-ның 22 бақылаушысы аккредиттелді

13.05.2019, 05:30 115

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті. Онда  2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдардан байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2019 жылғы 6 мамырда Орталық сайлау комиссиясы  4 халықаралық ұйымнан 45 байқаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар тізіміндегі деректер жаңартылып отырады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асыратын болады. 2019 жылғы 8 мамырда Сыртқы істер  министрлігінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен Адам құқықтары бюросы миссияларынан 22 байқаушыны аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр. Осыған орай 2019 жылдың 7 мамырынан 13 мамырға дейін ұсынылған байқаушыларды қамтитын халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының қаулысы әзірленді», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сайлауды жария ету мақсатында 25 шетелдік БАҚ-тың 66 өкілі өтінім берген. Олардың 37-сі аккредиттеуден өтті.

«Жалпы алғанда СІМ-де тұрақты негізде 28 шетелдік БАҚ-тың 94 журналисі аккредиттелді», - деді ол.

Қаулы жобасын Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, жалпы бүгінгі күні тіркелген шетелдік байқаушылардың саны 67 адамға жетіп отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив