KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Үміткерлер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

21.01.2023, 14:11 545 Мадина Амангелдіқызы

 Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді.

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті, деп хабарлайды Altaynews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленеді. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда кандидатқа қайтарылады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында.

Елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып белгіленген. Осылайша, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу