Ақтүтек боран: Шығыста жолдар жабылды
Шартты сурет
ШҚО-да қарлы боран мен қатты желдің салдарынан бірқатар жолдар жабылды.
Бүгін кешке қарай облыстың кейбір өңірлерінде қар жауып, жел күшейе түсті. Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар екі тас жол жбаылды, жеп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, сағат 18.30-дан бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын - Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғарғы Тайынты ауылы - Самар ауылы» учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, сағат 19.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Омбы Майқапшағай» тас жолының 1087-1321 шақырымындағы «Боғас ауылы – ҚХР шекарасы» учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
Басқа бағыттар бойынша әзірше шектеулер жоқ. Дегенмен, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы автожолдардағы ахуалды алдын ала біліп алған жөн.