KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

ШҚО-да барлық бағыттағы жолдар ашық

22.01.2023, 09:00 429 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО аумағында барлық бағыттағы жолдар ашылды.

Кеше боранның салдарынан облыста бірқатар тас жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, бүгін сағат 06.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын - Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғарғы Тайынты ауылы - Самар ауылы» учаскесі көліктің барлық түрі үшін қайта ашылды.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша сағат 07.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Омбы Майқапшағай» тас жолының 1087-1321 шақырымындағы «Боғас – ҚХР шекарасы» учаскесінде көлік қозғалысы қайта жанданды.

Сағат 07.030-дан бері облыс аумағындағы барлық бағыттағы жолдарда ешқандай шектеулер жоқ. Дегенмен, алыс жолға шығар алдында «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы автожолдардағы ахуалды алдын ала біліп алған жөн.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив