Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстер көбейді
![](/kz/uploads/posts/2022-12/dubai-1.webp)
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артып келеді.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.