Әлеуметтік желіде үгіт-насихатты заңсыз жүргізгендерге жаза қолданылуы мүмкін
Мәжіліс сайлауында үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде заң талаптарын сақтамай жүргізгендер әкімшілік жазаға тартылады. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлім етті.
Үгіт-насихат материалдарын әлеуметтік желі парақшаларында жариялау үшін парақша иесі Орталық сайлау комисиясына немесе аймақтық сайлау комиссияларына ақпараттық хабарлама прайсын жіберіп, сайттарына тіркелген болуы тиіс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жазылған пост үшін үміткер сайлаудан шеттетілмейді, әкімшілік жаза посттың авторына қолданылады. Автор тек өзінің пікірін жаза алады. Егер материал өз пікірі есебінде жазылса, ол кезде жауапкершілік қарастырылмайды. Ал, егер кандидаттың тапсыруымен берілген материал болса, жаза қолданылады.
Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы туралы ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабы бірінші тармағында жазылған.