Сайлау-2023: Үміткерлердің орташа жасы елуден төмен
Алдағы сайлауға кандидатурасын ұсынған үміткерлердің орта жасы 50-ден аспайды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.
– Өздеріңіз білетіндей, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланады. Өңірлерден алған мәліметтер бойныша 29 бірмандатты округ бойынша 609 кандидат ұсынылды. Оның 84-ін қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар ұсынса, 525-і немесе 86,2%-ы өзін-өзі ұсынған, – деді ОСК төрағасының орынбасары комиссияның кезекті отырысында.
Оның мәліметі бойынша бірмандатты жүйе бойынша кандидатурасы ұсынылғандардың 80%-ы – ерлер, 20%-ы – әйелдер.
– Үміткерлердің орташа жасы 50-ден төмен. Ең жас кандидат та, ең ересек кандидат та Алматы қаласында тұрады. Кандидаттардың арасында 10 ұлттың өкілі бар, – деді Константин Петров.
Оқи отырыңыз