Өскемендік семсерлесуші Әлем Кубогының қола жүлдесіне ие болды
Өскемендік семсерлесуші Руслан Құрбанов Әлем Кубогының қола жүлдесін жеңіп алды.
Германияның Хайденхайм қаласында өткен бәсекеге әлемнің 59 елінен 339 семсерлесуші қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Турнир бойы тамаша өнер көрсеткен Руслан Құрбанов тек әлемдік рейтингтің төртінші нөмірі Коки Каноға есе жіберді. Дәл сол жапондық спортшы швейцариялық Алексис Баярдты финалда жеңіп, Хайденхайм Кубогының иегері атанды. Ал жерлесіміз үшінші орынды испандық Юлен Перейрамен бөлісті.
Әлем кубогының кезеңдерінде семсерлесуде үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейтінін айта кетейік.
Оқи отырыңыз