ШҚО: Қазақстанның 10 облысында су тасқыны қаупі жоғары
"Қазгидромет" РМК мамандары су тасқыны қаупін бағалап, өңірлер бойынша алдын ала болжам жасады.
Еліміз бойынша жалпы 10 өңірде су тасқыны қаупі жоғары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттерімен 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% құраған.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында ел аумағының басым бөлігінде негізінен жылы ауа райы күтіледі, жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады.
Синоптиктер сонымен қатар наурыз-сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түссе, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін екенін айтады.